Жапонияда аптап ыстықтан 700-ге жуық адам ауруханаға түсті

11:22, 20 маусым 2017

12-18 маусым аралығында аптап ыстықтан 700-ге жуық адам Жапония ауруханаларына жеткізіліп, оның екеуі қайтыс болды.

Бұл өткен аптадағы көрсеткішпен салыстырғанда жүз адамға артық, деп мәлімдеді елдегі жедел жәрдем қызметін қоса атқарып жүрген Бас өрт сөндіру басқармасы.

Мамыр айында күннің ыстығынан екі адам қайтыс болған болатын. Елде жауын маусымының басталғанына қарамастан, басым бөлігінде ауа температурасы 30 градустан түспей тұр.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!