Жапония мен Кореяда қазақстандықтардың сайлауда дауыс беруі аяқталды

19:18, 10 қаңтар 2021
606

Жапония мен Оңтүстік Кореяда мәжіліс депутаттар сайлауында дауыс беру аяқталды. Токиода сайлаушылар коменданттық сағатқа қарамастан сайлау учаскесіне келді, деп хабарлайды zakon.kz.

Хабар-24-тің хабарлауынша, Сеулде төрт немесе одан да көп адамның қатысуымен кез келген жиындарға тыйым салынған. Жергілікті билік коронавирустың алдын алу жөніндегі барлық шараларды сақтау шартымен Қазақстан азаматтарына сайлауға қатысуға рұқсат берді.

Владислав Цой, тілші:

- Сеулде сайлау учаскесінің есіктері Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 4-те ашылды. Бірнеше минут өткен соң қазіргі парламенттік сайлауда бірінші сайлаушы өз таңдауын жасады. Қауіпсіздік ережесіне сай, дауыс беру бөлмесіне кірер алдында әр адамның дене қызуы екі рет өлшенді. Егер температурасы жоғары болса, ереже бойынша онда дауыс беруші жергілікті денсаулық сақтау бөліміне жіберіледі. Абырой болғанда, сайлаушылардың ешқайсысында коронавирустың белгілері болған жоқ. Дауыс беру залында 5 минуттан артық жүрге тыйым салынды. Бөлме әр сағат сайын зарарсыздандырылды. Айта кетейік, Сеулде 100-ден астам адам дауыс беруге ниет білдірді. Олардың көбі өз азаматтық парызын орындады. Ең жас сайлаушы былтыр 18-ге толды, ал үлкені 71-де. Ол зейнеткер Дариға Төлегенова. Ол Оңтүстік Кореяда жұмыс істейтін баласына қонаққа келген екен. Дариға-апайдың коронавирусқа шалдығу қаупі бар болғандықтан, ол үйде дауыс беруге шешім қабылдады. Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де сайлау учаскесі жабылып, дауыстар саналады. Ертең түнде Сеулдегі сайлау комиссиясының төрағасы барлық бюллетеньдерді Инчхон-Алматы рейсімен жабылған конвертте Қазақстанға апарады. Ол сондай-ақ өзімен бірге Токиодан әкелінген дауыс беру қағаздарын алып кетеді. Өйткені Жапониядан Қазақстанға тікелей әуе рейстері жоқ. Жоспарға сәйкес сейсенбіде маңызды жүк Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында болуы керек.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!