Жапония ғалымдары «Ханқызы» қоңызының құпиясын ашты

11:01, 23 мамыр 2017
1447

Бала күніңізде қолыңыза қонған, қызыл-сары түсті «Ханқызы» қоңызын «Үйің өртеніп кетті» немесе басқа да бақыт тілеп ұшырып жіберетін бе едіңіз? Дәл сол табиғи жаратылыс, жапония ғалымдарының басын біраз қатырса керек. Ақыры оның ұшу механизмін тапты. Құпия болып келген жұмбақтың жауабы шешілді. Ол қандай құпия?

Жер бетінде Ханқызы қоңызының 4000-нан астам түрі бар. Оларды әр елде әртүрлі атайды. Бірақ олардың басын біріктіретін жер төрт түліктің қасы. Ал ғалымдарды алаңдатып келген құпия мынау: Ханқызы қоңызы алып қанаттарын қалай түсті қабыршақтарының арасына жасыра алады?

Тегінде аталған қоңыздың қанат жүйесіне байланысты зерттеулер өз жауабын берген. Тек ғылымға осы ішкі алып қара түсті қанаттың, түсті қабыршық астына қалай жиналып, қалай үлкен болып ашылатыны жұмбақ болып келген. Себебі оның жауабын табу, тек жәндік үшін емес ғылым үшін де пайдалы болуы мүкін. Себебі жәндіктің қабыршақ астындағы қанаты өте жылдам әрі нақты қозғалысқа түсіп, жиналып үлгереді. Ал бұл үрдіс тек табиғи дүниеде емес, ғылымда соның ішінде жаңа технологияға әсерін тигізері анық. Жәндікке жасалған зерттеу нәтижесі арқылы ғалымдар тікұшақтардың, ұшақтардың жалпы ұшуға арнайы жасалған техникалардың жұмысын жеңілдетуі мүмкін.

Ғылымда гидравлика деген ұғым бар. Бұл тепе-теңдікті ұстаушы заңдылыққа негізделген сұйықтық. Ол кез келген тіршілікте бола бермейді. Аталған сұйықтықты организм өзі бөледі және соның көмегімен Ханқызы қоңызы қанаттарын еркін ашып, еркін жинай алады. Тіпті ол өзінен қанша есе үлкен болса да.

Жапон ғалымдарының жаңалығы қазір толыққанды зерттеліп, нәтижесін берді. Алдағы уақытта оның негізгі жұмыс істеу жүйесінің қыр-сыры ашылып, жаңа технологияға жарамды болады.
 

Дереккөз: massaget.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!