Жанкүйер «Манчестер Ситидің» жеңісіне әйелін тігіп, жеңіліп қалды

09:38, 12 сәуір 2018

Танзаниялық футбол жанкүйері ерекше бәс үшін әйелін тіккен, деп хабарлайды Хабар 24.

Яғни жеңімпаз жеңілгеннің әйелін алып кетеді.

Бұл бәсте жеңіліске ұшыраған жанкүйер Амани Стенли есімді азамат болды. Ол өз әйелін «Манчестер Сити» жеңіске жетеді деп бәске қойған. Бірақ 7 сәуір күні «Манчестер Юнайтед» клубының мерейі үстем болды.

Қол хат ретінде тігілген бәс барысында екі азамат та сау болған.

«Мен Амани Стенли, сау күйімде, егер «Манчестер Сити" клубы «Манчестер Юнайтедке» қарсы оында жеңіске жетпесе, өз әйелімді беруге уәде етемін. Бұл келісімді жасауға мені ешкім қинаған жоқ», – делінген жазбада.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!