Жанармай тақырыбы әлемдік деңгейде де басты назарда тұр

20:39, 12 қыркүйек 2017
332

ОПЕК мұнай қоржынының бағасы 52 доллардан төмендеді.
Енді бір баррель қара алтынның бағасы 51,82 доллар болды. Ал бір күн бұрын бір баррель мұнай 52,53 долларға көтерілген, деп хабарлады Картелдің сайты. «Ирма» дауылының салдары да биржа бағасына әсер етті.
Ал БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяға қатысты жаңа қарар қабылдады. Бұл құжатқа сәйкес, ресми Пхеньянның тауарды экспорттау-импорттауына және мұнай мен шикізат өнімдерін жеткізуге шектеу қойылмақ. Ресми Вашингтон ядролық қаруға қатысты мәселені шешу мен алтыжақты келіссөз жүргізу мүмкін екеніне бек сенімді.
Британия парламенті болса, Еуроодақтан шығу бойынша маңызды қадам жасады. Өкілдер палатасының ІІ оқылымында көпшілік Еуроодақ заңдарының күшін жою туралы Билль құжатын қабылдады. Ел заңы – одақ ережелерінен басым, әрі Еуропалық сотқа тәуелсіз. Заңды қабылдауға лейбористер мен Консерваторлық партия мүшелерінің басым бөлігі қарсы.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!