Жаңа жылда Путиннің орнына халықты құттықтаған депутат кешірім сұрады

11:33, 5 қаңтар 2020

Ижевск қалалық Думасының депутаты Альфред Зиннатуллин Ресей Президенті Владимир Путиннің жаңа жылдық құттықтауын орта жолдан тоқтатып, телеарнадан өзінің сөйлеуіне қатысты түсінік беріп, көпшіліктен кешірім сұрады. Оның айтуынша, оқиға техникалық ақаудан болған, деп хабарлайды Telegram-дағы "Подъем" арнасы.

Зиннатуллин Ижевск тұрғындарынан кешірім сұрап, бұл жағдайдың қасақана болмағанын, оған техникалық ақау себеп екенін түсіндірді.

"СТС-Ижевск" жекеменшік, кабельді, баламалы хабар тарату арнасы болғанына қарамастан, мен өзге көрермендер сияқты мұндай жағдайға мүлде жол бермеу керек деп санаймын. Трансляцияның тұтастығын бұзу себептерін біз міндетті түрде анықтаймыз, - деген депутат қазір телеарнада ішкі аудит жүргізіліп жатқанын да жеткізді.

Айта кетсек, "СТС-Ижевск" телеканалында түнде Путиннің жаңа жылдық құттықтау сөзі бөлініп, оның орнына депутат Зиннатуллиннің құттықтауы берілген. Ижевскі депутаты осы телеарнаның бас директоры болып табылады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!