"Жақсы емес...". Трамп Ресейдің жарылып кеткен зымыранына қатысты мәлімдеме жасады

14:48, 13 тамыз 2019
481

Ресейде 8 тамызда сұйық отынмен жұмыс істейтін реактивті қозғалтқышты сынау кезінде орын алған төтенше жағдайдан АҚШ сабақ алады, деп мәлімдеді АҚШ президенті Дональд Трамп, деп хабарлайды РИА Новости.

"Ресейде зымыранның жарылуына әкеліп соққан сәтсіздіктен АҚШ көп нәрсені ұқты. Бізде соған ұқсас, бірақ соны үлгідегі технологиялар бар. Ресейлік Skyfall-дың жарылуы сол маңдағы және жырақтағы адамдардың ауа сапасына деген қобалжуын туғызды. Бұл жақсы емес!" деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында.

Американың барлау қызметі Неноксыға жақын маңда "Буревестник" қанатты зымыранның прототипі - SSC-X-9 Skyfall жарылды деп санайды.

Ресей Қорғаныс министрлігі Архагельск облысының сынақ полигонында 8 тамызда сұйық отынмен жұмыс істейтін реактивті қозғалтқыш сынау кезінде жарылып кетті деп мәлімдеді. Росатом 5 маманның көз жұмғанын хабарлады. Оның барлығы Даңқ орденіне ұсынылды. Одан бөлек тағы үш маман жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.


Источник: zakon.kz


Пікір