Зеленский жеңді. Украинадағы сайлауда дауыстардың жартысы саналды

08:36, 22 сәуір 2019
333

Украинаның орталық сайлау комиссиясы елдегі президент сайлауының екінші турында берілген дауыстардың жартысын санап үлгерді, деп хабарлайды Zakon.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Протоколдардың 50,18 пайызын саналды, оның қорытындысы бойынша Владимир Зеленскийге 73,01 пайыз дауыс берілген, қазіргі президент Петр Порошенко 24,65 пайыз дауыс жинап отыр.

Владимир Зеленский Львов облысы мен шетелдегі сайлау округінен өзге өңірлердің бәрінде озып келеді.

Ал сауалнама деректері бойынша, президенттік сайлаудың екінші турында Зеленский дауыстардың 73 пайызын алады, Порошенко – шамамен 25 пайыз. Порошенко жеңілгенін мойындады, бірақ саясаттағы жұмысын тоқтатпайтынын мәлімдеген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!