Юрий Лужковтың неден қайтыс болғаны белгілі болды

16:59, 10 желтоқсан 2019

10 желтоқсанда Мәскеудің бұрынғы мэрі Юрий Лужков қайтыс болды. БАҚ Юрий Лужков өлімінің болжамды себебін атады, деп хабарлайды zakon.kz.

- Бүгін Мәскеу қалалық әкімшілігіндегі жиналыста бұрынғы мэр Лужковтың қайтыс болғаны туралы қаралы хабар жарияланды. Әкімдіктегі бөлім бастықтары мен басшылары Лужковтың Мюнхенде ауруханада жүрегіне ота жасау кезінде қайтыс болғаны туралы естіпті. Ол отадан кейін есін жинамаған күйі қайтыс болған. Алдын ала ақпарат бойынша, өлімнің себебі - анафилактикалық шок, деп хабарлайды Mash-тың Telegram арнасы.

Ресей билігі отбасына Лужковтың денесін елге жеткізіп, онымен қоштасу рәсімін ұйымдастыруға көмек ұсынып үлгеріпті. Бірақ Лужковтың туыстары бұған келіспепті.

Мәскеудің бұрынғы мэрі Юрий Лужков 84 жасында қайтыс болды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!