Ыстамбұлдағы метро стансасында эвакуация жүргізілді
Түркияның Ыстамбұл қаласындағы метро стансасында жолаушылар шұғыл эвакуацияланды. Өйткені полицейлерге мұнда жаңа жыл түні қанды қырғын ұйымдастырған күдікті жүр деген хабар келіп түскен.
Тәртіп сақшылары дереу тексеру жұмыстарын жүргізген. Оның қорытындысы жайлы әзірге белгісіз.
Айта кетейік, жаңа жыл түні Санта-Клаус костюмін киген ер адам қаладағы түнгі клубтардың біріне басып кіріп, атыс ашқан. Салдарынан 39 адам ажал құшып, тағы 69-ы түрлі дәрежеде жарақат алды. Марқұмдар арасында шетелдіктер көп. Қаскөй оқиға орнынан ізін суытып үлгерген. Ол әлі күнге дейін табылған жоқ. Ал шабуылды «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» өз мойнына алды.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 3 қараша 2022
«Барыс» ҚХЛ аясындағы ойындарда 14-ші жеңілісін тіркеді
-
21:55, 3 қараша 2022
Илон Маск G20 саммитіне қатысады
-
18:50, 3 қараша 2022
Пәкістанның бұрынғы премьер-министріне саяси шеру кезінде оқ атылды
-
14:06, 1 қаңтар 2022
Ким Чен Ын: 2022 жыл – «Өліммен күрес» жылы
-
10:24, 18 желтоқсан 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен шығу туралы шешім қабылдады