Ыстамбұлда жолаушылар автобусы аялдамадағы халықты басып кетті

17:22, 1 ақпан 2018

Үскідар ауданында жекеменшік қоғамдық көлікпен соқтығысқан Ыстамбұл электр трамвайы және туннель қызметінің бас басқармасына тиесілі автобус бақылаудан шығып, аялдамада тұрған адамдарды басып кетті. Бұл туралы Ntv Haber порталы хабарлады, деп жазады Хабар 24.

Оқиғадан 3 адам көз жұмды. Қаза тапқандардың екеуі – әйел, біреуі – ер адам. Ал жаралылар жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Жол апатына байланысты Үскідар бағытындағы доктор Ейюп Ақсой көшесі жабылды.

Аталған оқиғаға байланысты тергеу ісі басталды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!