Ыстамбұлда зардап шеккен қос қазақстандықтың жағдайы белгілі болды

16:35, 6 ақпан 2020

Ыстамбұлға қону кезінде апатқа ұшыраған ұшақ ішінде болған екі қазақстандық жеңіл-желпі жарақат алған, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан консулдығына түрік тарапы ұсынған мәлімет бойынша, жеңіл жарақат алған Қазақстан Республикасының азаматтарының бірі ауруханаға жатудан бас тартып, дәрігерлердің қарауынан кейін босатылды. Екінші азаматымыз да ауруханада көп болмады, алған емінен кейін босатылды, - деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Ыстамбұл әуежайына Боинг 737 ұшағының апатты жағдайда қонуы салдарынан 120 адам жарақат алды. Boeing бортында 177 жолаушы, оның ішінде екі бала және алты экипаж мүшесі болды. Анадолының бас прокуратурасы ұшақ апатына қатысты тергеу ісіне кірісіп кетті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!