«Яндекс» акциялары бірнеше минутта миллиард долларға арзандады

12:06, 19 қазан 2018
345

Ресейлік «Яндекс» компаниясының акцияларының бағасы Нью-Йорк пен Мәскеу биржаларында құлдырап кетті. Оның капиталдандыруы миллиард долларға азайған, деп жазады Baq.kz.

Мұндай арзандауға компания үлесі Сбербанкке сатылуы мүмкін деген қауесет себеп болған.

Бұл ақпарат 18 қазан күні The Bell басылымына және Демьян Кудрявцевтің отбасына тиесілі «Ведомости» газетіне жариялана салысымен, бірнеше минутта компанияның акциялары арзандап кеткен. Мәскеу биржасында олар 3,25%, ал Нью-Йоркте – 9% жоғалтқан.

Одан бір күн бұрын ресейлік нарықта «Яндекс» өсім бойынша көш бастап тұрған. 17 қазан күні олардың акциясы на 5,92 пайызға көтерілген.

Сбербанк мұндай қауесет таралысымен бірден жауап берді. Несиелік ұйым IT-компанияға ондай ұсыныспен шықпағандықтарын жеткізді.

 

 


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!