Якутияда оқушыларды 50 градус аязда сабаққа жіберген

15:58, 23 қараша 2017
497

Якутияның Оймякон ауылында -50 градуста да бастауыш сынып оқушылары үшін сабақ болған, - деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ntv.ru-ға сілтеме жасап.

Оймякон мектебінде тек - 52 градус болғанда ғана сабақ болмайды екен. Ауыл әкімшілігінде далада -52 градус болғанда ғана оқушылар сабақ оқымайтынын айтқан.

[QUOTE«Тек -52 градус болғанда ғана 1 мен 5-сынып оқушылары үшін сабақ болмайды. Бүгін таңертең -50 градус болды, барлығы оқып жатыр», - деп жауап берген Оймякон әкімшілігінде.

Якутияның Оймякон ауылын «суық полюсы» деп те атайды. Бұл Жер шарындағы ең қаһарлы мекен деп саналады.

Жақында Якутияның Русское Устье атты ауылында қарлы боранда сабақтан қайтып келе жатқан оқушылардың видеосы желіде көп талқыланған еді.

Фото: baq.kz

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!