Ядролық апат болған жағдайда ТМД елдері бір-біріне көмекке келе алады

14:20, 23 желтоқсан 2020
673

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер арасындағы ядролық апат немесе радиациялық төтенше жағдай кезіндегі дайындықты қамтамасыз ету және олардың салдарын жоюға өзара көмек көрсету жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев өз баяндамасында осы келісімді ратификациялау ТМД-ға мүше мемлекеттер арасында ядролық апат немесе радиациялық төтенше жағдай туындаған кезде шұғыл ақпарат пен көмек ұсынуға мүмкіндік беретінін айтты.

Келісім ТМД-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті (құзыретті) органдары арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігі мен өнімділігін арттыруға, бейбіт мақсатта атом энергиясын пайдалануға байланысты туындауы мүмкін кез-келген оқиғаларға дер кезінде ден қоюға бағытталған.

Сонымен бірге, осы Келісім авариялық-құтқару мамандандырылған топтарының, мамандардың, жабдықтардың, көлік құралдарының ядролық апат немесе радиациялық төтенше жағдайлар кезінде трансшекаралық қозғалысы рәсімдерін жеңілдетеді.

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Сенатының қарауына жіберілді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!