WikiLeaks-тің негізін қалаушы Лондонда ұсталды

16:49, 11 сәуір 2019

WikiLeaks ұйымының негізін қалаушы Джулиан Ассанжды лондон полициясы Эквадордың Лондондағы елшілігінде тұтқындады. Бұл туралы Скотленд-Ярд баспасөз қызметіне сілтеме жасаған РИА Новости хабарлады.

- 47 жастағы Джулиан Ассандж 11 сәуірде сотқа келмеуіне байланысты Вестминстер магистрат соты берген ордер бойынша Лондондағы Эквадор елшілігінде ұсталды, - деп хабарлады полиция.

Эквадор үкіметі Ассанжға дипломатиялық баспана беруден бас тартқан соң Эквадор елшілігі елшілікке полиция қызметкерлерін шақырған екен.

Соңғы жылдары WikiLeaks негізін қалаушы Эквадор дипломатиялық миссиясының ғимаратында тығылып келген. Ал WikiLeaks мәлімдемесінде атап өтілгендей, Эквадор билігі Ассанждың саяси баспанасын заңсыз тоқтатып, халықаралық құқықты бұзып отыр.

Ассанж ісі

Ассанждың есімі АҚШ-тың Ауғанстан мен Ирактағы әскери операциялары, Гуантанамо лагерінде тұтқындарды қамауда ұстау жағдайын жариялағаннан кейін бүкіл әлемге белгілі болды.

2010 жылы оны Америка билігі қудалап, Ассанж Швецияға келіп, баспана алмақ болған. Кейін оған сексуалдық сипаттағs айыптар тағылды, Ассанж өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарған.

2012 жылдан бері Ассанж Лондондағы Эквадор елшілігінде тығылып келген. WikiLeaks порталы 5 сәуірде Эквадордағы жоғары шенді дереккөзге сілтеме жасап, жақын арада Ассанжды елшіліктен шығарып жіберетінін жазған. Оған себеп ретінде Эквадор президенті Ленин Мореноға қатысы бар оффшорлық қағаздар бойынша коррупциялық дау пайдаланылуы мүмкін деген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!