WhatsApp-та өзгенің хатын оқудың әдісі табылды

11:56, 12 қаңтар 2018

Неміс мамандары криптографияның көмегімен WhatsApp мессенджерінде өзгелердің топ чаттарына қалай кіруге болатынын айтты, деп жазады Stan.kz.

Мамандардың айтуынша, кез келген адам әкімшінің келісімінсіз өзгелердің хабарламаларын оқи алады.

WhatsApp-та end-to-end нүктесі бар. Қолданушылардың хабарламалары серверде емес, осы құрылғыда сақталады. Серверге тек компания қызметкерлері, үкімет адамдары мен хакерлер ғана кіре алады.

Facebook қауіпсіздік қызметінің басшысы WhatsApp мессенджерін де басқарады. Ол желіде чат мүшелерінің жаңа қолданушылардың хабарламаларын ала алатынын, әрі қарай хатты оқу-оқымауы өз еркінде екенін жазды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!