WhatsApp-та өшірілген файлдарды қалпына келтіретін функция пайда болады

10:31, 17 сәуір 2018

WhatsApp қосымшасын құрастырушылар өшірілген файлдарды қалпына келтіретін жаңа функция қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұдан былай WhatsApp қолданушылардың файлдары мессенджер серверінде сақталады. Өшірілген файл серверде екі ай бойы сақталып тұрады. Осы уақыт аралығында оны қалпына келтіруге болады.

Мамандар қолданушыларға ақпараттың құпия сақталуына қатысты уайымдамай қоюларына болатынын айтады. Жеке мәліметтерді өзге адамның көріп қою жағдайы болмайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!