WhatsApp арқылы азан шақыруды ұсынған министр халықтың ашуына тиді
Гана мемлекетінің билігі азанға қатысты «алаңдаушылық» танытып, мұсылман жамағатын намазға шақырудың басқа балама жолын ойлап бас қатыруда, деп хабарлайды muslim.kz.
Атап айтқанда, билік өкілдері ел астанасы Аккра тұрғындарының жайлылығын ойлап, қатты дауыс пен шуды бәсеңдетуге тырысатындықтарын жеткізген.
«Имам барлығына WhatsApp желісі арқылы хабарлама жіберсе болады ғой. Меніңше, бұл қала шуылын азайта түспек. Бұл тек жалғыз жол емес, бірақ ойланып көруге болады», – дейді Қоршаған ортаны қорғау министрі Квабена Фримпонг-Боатенг.
Елдегі мұсылман жамағаты бұл ұсыныстардың тіпті қисынсыздығына таң қалғаны сонша, қарсы пікір айтып, қоғамдық наразылық көрсетуге де құлық танытпаған. Мешіт имамдарының бірі Усан Ахмед дауыс зорайтқыштар арқылы азан дауысын ақырындатып қоюға болатынын, бірақ түбегейлі түрде азанды өзгертіп, оны хабарлама арқылы таратудың қисынға келмейтінін айтады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 3 қараша 2022
«Барыс» ҚХЛ аясындағы ойындарда 14-ші жеңілісін тіркеді
-
21:55, 3 қараша 2022
Илон Маск G20 саммитіне қатысады
-
18:50, 3 қараша 2022
Пәкістанның бұрынғы премьер-министріне саяси шеру кезінде оқ атылды
-
14:06, 1 қаңтар 2022
Ким Чен Ын: 2022 жыл – «Өліммен күрес» жылы
-
10:24, 18 желтоқсан 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен шығу туралы шешім қабылдады