«Вконтакте», «Одноклассники» және «Яндекс» үш жылға бұғатталды

16:12, 17 мамыр 2017
679

Украина билігі компанияларға, соның ішінде «Вконтакте» мен «Одноклассники» әлеуметтік желілеріне, Mail.Ru Group холдингі мен «Яндекс» компаниясына қарсы санкция қабылдады.

Құжат 2017 жылдың 15 мамырында күшіне енді. Украинаның «қара тізіміне» барлығы ресейлік және украиналық 468 компания мен 1228 жеке тұлға кірді.

Оның ішінде ресей банктері, әуекомпаниялары мен бұқаралық ақпарат құралдары енген. Сонымен қатар ғаламтор қызметтерін ұсынатын Mail.ru Group,  «Вконтакте» ЖШҚ және «Яндекс» ЖШҚ компаниялары да бар.

Mail.ru Group-қа енгізілген санкцияның мерзімі (және украиналық «Mail.ru Украина») 2020 жылдың 15 мамырына дейін жалғасады.  Осы уақыт аралығында компанияның Украинадағы активтері бұғатта тұруы тиіс және оған елден тысқары капитал шығаруға тиым салынады. Мемлекет азаматтары мен заңды тұлғалары Mail.ru Group-пен құнды қағаздар арқылы келісімшарт жасамауы тиіс

2020 жылға дейін Украинаның интернет-провайдерлері Mail.ru мен  «Вконтакте» және «Одноклассники» әлеуметтік желілеріне бұғат қойып тастауға міндетті.

«Вконтакте» мен оның Украинадағы еншілесіне де санкция енгізілді. Оған активтерді бұғаттау, капитал шығаруға тиым салу және сайттарға кіруге шектеу қою сияқты шаралар жүргізіледі.

«Яндекске» де осындай шектеулер қойылды. Сонымен қатар, бастапқы бет, аударма сервисі және «Яндекс. Такси» қызметін пайдалану мүмкін болмайды. Ал «Яндекс. Ауа райы» сервисі Мәскеу мен Киевтен басқа мекен-жайларға толығымен қолжетімді.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!