Видеоға түсірген. 17 жастағы волейболшы қызды үш полицей зорлады

09:56, 28 тамыз 2019

26 тамызда Анапа деген курорттық қалада жағажай волейболынан Ресей чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыс бітіп, кешкісін жұрт тынығып, демалуға айналғанда, 19 жастағы спортшы қыз өзі қатарлы жергілікті бір жігітпен таныса қойып, ешкімге байқатпай, әлгі жігітпен теңіз жағасында жыныстық қатынасқа түсуге кетіп қалады.

Қас қылғанда, жыныстық қатынасқа түсіп жатқан екі жастың үстінен үш полицей түседі. Полицейдің бірі телефонын шығара қойып, қоғамдық орындағы секстің шет жағасын видеоға түсіріп алыпты. Полициядан қатты үркіген жігіт қашып кетті. Ал қыз үш полицейдің қысымына түсті. "Не істеп жүргеніңді тренеріңе айтамыз" деп, жас спортшыны қорқытқан полицейлер оны енді өздерімен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген екен.

Бірі күзетте тұрып, екеуі кезек зорлапты, деп жазады "КП".

Базаға оралып, түнімен жылап шыққан қыз таңертең болған оқиға жайып салды. Зорлық жасаған полицейлер ұсталды, олардың аты-жөндері де белгілі болды – 28 жастағы сержант Алий Казанчи, 26 жастағы аға сержант Рустам Наниз және 28 жастағы сержант Леонид Паланчук екен. Күдіктілер қазір қамауға алынған. Оқиға салдарынан Анапа полициясының бастығы Андрей Рапп қызметінен шеттетілді.

Зорланған қыздың есімі аталмайды, бірақ дереккөздер оның "белгілі спортшы, бірақ өмірде тым жеңілтек, бұзықтау қыз" екенін айтады. Оның тәртібіне байланысты тренері талай рет сөз естіген болып шықты.

"ВКонтакте" желісіндегі "ПВА l Анапа l Подслушано В Анапе" паблигінде әлгі полицейлердің түсірген видеосы шығып кетті. Ол видеоны мұнда жариялай алмаймыз, сілтемесі мынау.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!