ВИЧ инфекциясын жұқтырған ер адам медбикенің бетіне түкіріп жіберді

10:30, 23 шілде 2018
301

АҚШ-тың Алабама штатындағы Нортпорт қаласында ер адам медбикеге түкірік шашып, өміріне қауіп төндірген, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Нортпорт ауруханасының қабылдау бөлімінде Лиза Никольс есімді медбикеге ВИЧ инфекциясына шалдыққан Дэван Майнор түкірігін шашып жіберген.

Ем қабылдау кезінде Майнор ашуға булығып, медбикенің бетіне түкіріпті. "Ажалмен соңғы рет сүйіс", — дейді ол түкіргеннен кейін.

Никольстың айтуынша, науқастың түкірігі аузы, мұрыны, бетіне тиген. Ол бірден бет-аузын зарарсыздандыруға кіріседі.

Медбикенің сараптама қорытындысы оның дертті жұқтырмағанын көрсеткенімен, алдағы жарты жылда тағы бір тексеріліп, нақты нәтижесін біле алады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!