Венесуэлада жеті жұлдызды қонақүй ашылады

15:07, 8 желтоқсан 2017
430

Венесуэлада Humboldt қонақүйі жетіжұлдызды болады. Бұл туралы ел Президенті Николас Мадуро өзінің Twitter желісіндегі парақшасында хабарлады, - деп жазады Today.kz.

Мадуро қонақүй жұмысының қалай жүріп жатқанын өз бақылауына алған. Қонақүй Венесуэладағы алғашқы жетіжұлдызды қонақүй атанбақ.

Айта кетейік, соңғы бірнеше жылда Венесуэла үлкен әлеуметтік-экономикалық дағдарысты басынан өткеріп отыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!