Венада әлемдегі алғашқы биткоин-банк ашылды

10:23, 13 ақпан 2017
450

Аустрия астанасында әлемдегі алғашқы биткоин-банкін ашты. Бұл туралы rb.ru сайты жазды.

Басылымның жазуынша, банк клиенттері қолма-қол ақшаларын (тек еуро) биткоиндерге алмастырып, цифрлық валюта туралы ақпарат ала алады.
 
Алғашқы биткоин-банкті жергілікті BitTrust блокчейн-стартапы жасап шыққан. BitTrust-тың басқарушы директоры Магдалена Исбраднт цифрлық валютаның артықшылықтарын «бұл валюта арқылы келіссөз жылдам әрі делдалсыз болады» деп түсіндірді.
Биткоиндерді алу үшін қолданушы криптовалюта жинақталатын виртуалды пошта секілді 27-34 символдан тұратын арнаулы мекен-жайы болу керек.  Биткоин-мекенжай ешқайда тіркелмегендіктен, барлық ақша аударымдарының процесі анонимді болады.
 
Басылымның хабарлауынша, биткоин банкомат Венада осыдан 3 жыл бұрын ашылған. Ал қазір елде жиырмадан астам ұйым төлемді вирталды валютада қабылдайды.
 
Биткоин валютасы туралы мына жақтан оқи аласыз.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!