Ұшақтың құлап бара жатқан сәтін жолаушы видеоға түсіріп алған

09:47, 19 шілде 2018
382

Оңтүстік Африка Республикасында жолаушы ұшақтың құлап бара жатқан сәтін видеоға түсірген, деп хабарлайды sputniknews.kz, РИА Новости-ға сілтеме жасап.

Ер адам сол қатарда иллюминатор алдында отырған. Ол қозғалтқышы өртенген ұшақтың біртіндеп төмендеп бара жатқанын түсіріп алыпты.

"Барған сайын төмендеп барамыз. Жағдайымыз қиын", — дейді ер адам.

Содан соң экран қап-қара болып, қатты соққы үні естілді, артынша ұшақтың ішін түтін басып кетті. Кейін жолаушыларды эвакуациялап жатқаны көрінеді.

10 шілдеде Преторияға жақын маңда халықаралық рейсті орындаушы ұшақ апатқа ұшырады. Салдарынан екі адам қаза тауып, 20 адам зардап шеккен.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!