Үш бірдей аурухананың бас дәрігері қызметінен қуылды

22:26, 5 қараша 2021
710

© Сурет: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысында үш бірдей аурухананың бас дәрігері қызметінен қуылды. Оның екеуі жалған вакцина паспортын жасағаны үшін жұмыстан шығарылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде аймақтағы ауруханалардың бес бірдей дәрігері жұмыстан қуылғаны туралы ақпарат тараған. Алайда, бүгін облыстың Денсаулық сақтау басқармасы тек үш басшының жылы орнымен қоштасқанын растады.

Гиппократ антын бұзғандардың екеуі аудандық ауруханада, ал біреуі Өскемен қаласындағы емханада бас дәрігер болған. Оларды жалған вакцина паспортын жасағаны және пандемия кезінде жұмыс істеген ақхалаттыларға үстемақы төлемегені үшін қызметінен босатыпты, делінген КТК жаңалықтарында.

Бекзат Сакигожина ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы әкімшілік бөлімінің басшысы:

Үш бас дәрігермен еңбек шарты бұзылды. Оның екеуі халыққа екпе егу кезінде, егілмеген адамға құжат бергені үшін, тағы біреуі эпидемиологиялық іс шараларға қарсы, тартылған мамандарға қосымша үстемақы төлемегені үшін еңбек шартын бұзды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!