Үрімшіден коронавирус шығып, ұшақтар тоқтады

12:20, 17 шілде 2020
412

Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданының Үрімші әуежайында коронавирустың жаңа жағдайының анықталуына байланысты 500-ден астам рейс тоқтатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

РИА Новости атап өткендей, бұған дейін Мемлекеттік денсаулық сақтау комитеті өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 10 жаңа жағдайы анықталғанын, бірақ олардың тек біреуі ғана жергілікті Шыңжаңда тіркелгенін хабарлады.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, вирус Үрімші қаласындағы 24 жастағы қыздан табылған, сонымен бірге онымен тығыз байланыстағы үш адам симптомы жоқ ауру тасымалдаушысы болып шыққан.

- Үрімші әуежайындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты көптеген рейстер тоқтатылды. Алынған мәліметтерге сәйкес, бүгінге дейін Үрімші әуежайында 588 рейстің ұшуы жоспарланған, 522 рейс тоқтатылған, бұл - барлық рейстердің 89%, - делінеді порталда.

Сонымен қатар, көптеген Қытай авиакомпаниялары аймақтан ұшып шығу үшін жолаушыларға COVID-19 жоқ екенін растайтын анықтама қағазды ұсыну керектігі туралы ескертулерді жариялады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!