Үндістанның Унчахар қаласындағы ЖЭС жарылысынан қаза тапқандар саны артты

16:59, 2 қараша 2017

Үндістанның Уттар-Прадеш штатының Унчахар қаласында жылу электр станциясында болған жарылыс құрбандарының саны 26 адамға жеткен, - деп хабарлайды Хабар арнасы.

Сондай-ақ тағы 80-ге жуық адам түрлі деңгейдегі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Деректерге сүйенсек, жылу электр станциясында қуаттылығы 500 мегаваттық жаңа блок іске қосылуы тиіс еді. Дәл сол бөліктен ақау шығып, жұмысшыларды газ бен бу шарпыған.

Фото: Газета.ру

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!