Үндістанда жаңбыр маусымы басталғалы көз жұмғандар саны мың жарым адамға жеткен

10:03, 12 қыркүйек 2018

Үндістанның солтүстігі мен шығысында толассыз жауыннан су тасқыны болды, деп хабарлайды Хабар 24.

Салдарынан Ганг өзені арнасынан асып кеткен. Варанаси мен Синигули қалаларында тұрғын үйлер мен ғибадатханалар су астында қалды.Үндістанда маусым айынан қыркүйекке дейін жауын-шашын маусымы болады. Жауын елдің ауылшаруашылық секторына пайда әкелсе, елдің инфрақұрылымы орасон зор шығынға ұшырайды.

Жергілікті билік аймақта лай көшкіні басталу қаупі бар екенін айтады. Табиғи апаттан тұрғындар үйлерін тастап, уақытша орындарды паналауға мәжбүр болып отыр.

Елде толассыз жаңбыр маусымы басталғалы бері көз жұмғандардың қатары шамамен 1 500 адамға жетті.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!