Үндістанда су тасқынынан 106 адам көз жұмды

09:44, 2 тамыз 2018
360

Үндістанда толассыз жауын салдарынан 106 адам көз жұмып, тағы 100-ден астамы түрлі деңгейде жарақат алды, деп хабарлайды Хабар 24.

Уттар-Прадеш штатында өзендер арнасынан асып су астында қалды. РИА агенттігінің хабарлауынша, 600 шақты нысан зақымданды. Қатты дауылдан ағаштар құлап, шатырлар ұшқан. ТАСС агенттігінің мәліметінше ауа райының қолайсыздығынан көптеген ғимарат жарықсыз қалды.

Уттар-Прадеш штатының бас министрі зардап шеккендер мен олардың отбасыларына медициналық және қаржылай көмек көрсетілетінін айтты.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!