Үндістанда ғимараттардың құлауынан адамдар қаза тапты

12:18, 18 шілде 2018

Нью-Дели маңындағы Үлкен Ноида қаласында техногенді апат болды. Мұнда құрылысы бітпеген 6 қабатты үй қатар тұрған 4 қабатты ғимараттың үстіне құлап, екеуі де қирап қалды. Бұл туралы zakon.kz, Хабар 24 арнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Салдарынан 3 адамның қаза тапқаны белгілі болды. Бірақ үйінділер астында қанша адамның қалғаны әзірге белгісіз.

Жергілікті БАҚ хабарлауынша, құлаған үйде жұмысшылардың 18 отбасы тұрған. Оқиға орнында полицейлер мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Г.Абилова


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!