Үндістанда ер адам қыз туғаны үшін әйелінің бетіне қышқыл шашып жіберді

09:44, 12 наурыз 2018

Ұлды болғысы келген Үндістан тұрғыны қыз туғаны үшін ұйықтап жатқан әйелінің бетіне қышқыл шашып жіберген. Бұл туралы Times of India басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиғаны Үндістанның Морадабад қаласында орын алған.

Беті, қолы мен іші күйіп қалған 25 жастағы әйел қазіргі уақытта ауруханада жатыр.

Ер адам жасаған қылмысынан кейін қашып кеткен. Оны полиция іздестіріп жатыр.

Зардап шегуші күйеуінің үнемі ұрып-соғатынын айтқан.

Ерлі-зайыптының екі баласы бар екен.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!