Ұлыбританияның жауынгерлік кемесі Атлант мұхитында 14 теңізшіні құтқарды

17:31, 12 ақпан 2017
340

Ұлыбританияның Королдік әскери-теңіз флотының жауынгерлік кемесі Атлант мұхитында басқаруға бағынбайтын кемеде екі күнін өткізген 14 теңізшіні құтқарды.

Олардың 18 метрлік кемесі  дауылдан зардап шегіп, діңгегі мен рулі сынған.   «Дэринг» сыныбындағы «Дрэгон»  эсминеці  апатқа ұшыраған теңізшілерді  (13 британдық, бір америкалық) құтқару үшін 900 шақырым жүрді. 

Кеме Корнуолл графтығында Лендс-Энд мүйісінен оңтүстік-батысқа қарай шамамен мың шақырымда болған. Оған дейін АҚШ пен Ұлыбритания әскери ұшақтары көмектескен «Финленд» танкері экипажының мүшелері оларды үш рет құтқаруға тырысқан. Ауа райының қолайсыздығынан барлық әрекеттері сәтсіз аяқталған.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!