Ұлыбританияда алғаш рет анасыз бала дүниеге келді

16:00, 19 шілде 2019

Ұлыбританиялық Фредди МакКоннел ұл баланы дүниеге әкелген. Бірақ ол сотқа туған баланың өзін анасы емес, әкесі деп жазуды талап етіп, шағымданған. Бұл - әлемде тіркеліп тұрған бірінші жағдай, деп хабарлайды rambler.ru.

Фредди МакКоннел – трансгендер. Ол дүниеге қыз болып келген, бірақ 25 жасында еркек болуды қалып, гармоналды дәрілердің көмегіне жүгінген. Сөйтіп сақал-мұрт өсірген, алайда ол жатырын сақтап қалуды жөн деп тапқан.

Еркек деп танылған кезде, жасанды ұрықтандыру тәсіліне жүгінген МакКоннел бала көтереді. Ұл баланы дүниеге әкелген ол енді енді ешбір құжатта "анасы" деген жазудың болмасы үшін барын салып жатыр.

Жоғарғы сот трансгендердің бұл өтінішін қабыл алмақ. Мұндай жағдайда оның ұлы әлемде ресми түрде мүлде анасы болмаған жалғыз бала боп танылмақ.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!