Украиндықтардың 80% украин тілін ана тілім деп санайды

15:14, 9 қараша 2021
940

© Сурет: instagram.com

Украиндықтардың 78,3%-ы украин тілін ана тілі деп санайды. Бұған 8 қарашада жарияланған "Илько Кучерив" демократиялық бастамалар қоры Разумков орталығымен бірлесіп жүргізген сауалнама нәтижелері дәлел, деп хабарлайды Zakon.kz.

Респонденттердің 18 пайызы ана тілі орыс тілі екенін айтты. Респонденттердің 1,1%-ы басқа тілді ана тілім деп санайды. Украиндықтардың тағы 2,6 пайызы жауап беруге қиналған. Әлеуметтанушылардың айтуынша, респонденттердің 41,1%-ы жағдайға байланысты басқа таныс тілге ауыса алады.

Бұл ретте респонденттердің 40,6%-ы қарым-қатынас тілін ешқашан өзгертпейтіндерін алға тартады. Украиндықтардың 13,9%-ы сұхбаттасушы олармен сөйлесетін тілге үнемі ауысатынын айтты.

Сауалнама 29 шілде мен 4 тамыз аралығында Украинаның оккупацияланған Донецк және Луганск облыстары, сондай-ақ Қырым аумақтарынан басқа барлық аймақтарында 18 жастан асқан азаматтар арасында жүргізілді. Сауалнамаға барлығы 2019 респондент қатысты. Теориялық іріктеу қатесі 2,3 %-дан аспайды.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!