Украинада депутаттар ұйықтамайды, керісінше заң жобасы өтпесе жылайды екен

17:20, 1 қараша 2019

Украинада Халық қызметшісі фракциясының депутаты Анна Скороход Жоғарғы Рада отырысында оның Газтранспорт жүйесі туралы заңға ұсынған түзетулерін қарастырудан бас тартқаны үшін жыларман болып, үстелді тоқпақтады, деп хабарлайды Korrespondent.net.

- Білесіздер бе, бұл арада адамды жынды қылып, мазақ ету болып жатқан сияқты. Мен өз түзетулерім бойынша сөйлеп шығайын дегем. Өз түзетулеріме көз жүгітіп, соны айтайын дегенмін. Ал біреу маған келіп, оларды ұсынуды доғар деп тұр. Кеше комитетте біз қандай-да бір мәмілеге келдік емес пе? Бүгін, міне енді мәтінді алып, қайта оқып шықсам, бұл келісілген нәрселер сақталмаған, - деді Скороход жыларман болып.

Оны жанындағы бір әріптесі сабырға шақыруға тырысып: "Тыныш, Сізге әлі баланы дүниеге әкелу керек. Тынышталыңыз, бұл түкке тұрғысыз нәрсе" деп жатты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!