Украина ұшағына Иран атқан зымыран кездейсоқ тиіп кетуі мүмкін

11:15, 8 қаңтар 2020
659

Шетелдік БАҚ-тар "Украина жолаушылар ұшағының Иранның Имам Хомейни әуежайынан ұшқаннан кейін техникалық проблемаларға байланысты құлауы мүмкін" деген болжамды жоққа шығаруда, деп хабарлайды zakon.kz Mash-ке сілтеме жасап. Иорданияның Al-Hadath басылымының хабарлауынша, ұшаққа ұшырылған Иран зымыраны кездейсоқ тиіп кетуі мүмкін.

Иранда Украинаның 167 жолаушысы бар Boeing 737 ұшағы апатқа ұшырады. Ол көкке көтеріле салып, жерге құлаған.

Иранның Азаматтық авиация ұйымының өкілі Реза Жафарзаденің айтуынша, ұшақ құлағаннан кейін өртке оранған. Оның айтуынша, кейбір жолаушыларды құтқаруға мүмкіндік бар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!