Украина президент сайлауының ресми қорытындысы 30 сәуірде шығады

09:32, 22 сәуір 2019

Украинада президент сайлауының екінші турында дауыс берудің ресми нәтижелері 30 сәуірде жарияланады, деп жоспарлануда. Бұл туралы ОСК төрағасының орынбасары Евгений Радченко айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

– Пасха – украин халқы үшін ұлы мерекелердің бірі, сол себепті биліктің сот органдарынан еш жерде сотқа арыз-шағым түспегені туралы ақпаратты ала алмай қаламыз ба деп алаңдап отырмыз. Дауыс беру қорытындысын шамамен 30 сәуірде анықтап, жария етеміз, – деген Радченконың сөзін ТСН сайты келтіреді.

Радченконың сөзінше, электронды хаттамалар бойынша сайлаудың алдын-ала нәтижелері шамамен екі-үш күннен кейін белгілі болады.

Украинада президенттік сайлаудың екінші туры 21 сәуірде өтті. Оған қазіргі мемлекет басшысы Петр Порошенко мен Владимир Зеленский қатысқан. ОСК-ның соңғы деректері бойынша, Зеленский 73% дауыс жинап, озып келеді. ОСК хаттамалардың 70%-дан астамын санады. Порошенко сайлауда жеңілгенін мойындады.

Украина ІІМ мен ОСК әзірге дауыс беру нәтижесіне әсер ететіндей жаппай заң бұзушылықтар тіркелмегенін мәлім етті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!