Украина билігі Паралимпиада чемпионын ұсақ-түйек сыйлықпен қатырды  

17:17, 21 қазан 2021
344

© Сурет: Марина Литовченко/Facebook

Украинаның паралимпиадалық құрамасының мүшесі, үстел теннисшісі Марина Литвченко Харьков облысының билігінен алған сыйлықтарына наразылық білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Спортшы өзінің наразылығын Facebook парақшасында жазды. Токиода өткен Паралимпиадада алтын медаль жеңіп алған Марина Литвченконың айтуынша, Харьков облыстық әкімшілігінің сыйлықтары онша құнды болған жоқ.

Ойындардың барлық қатысушыларына, соның ішінде көптеген зағип спортшыларға қарапайым кітаптар (зағип жандарға арналған брайльсіз) және қалалық хайуанаттар бағына билеттер ұсынылды. тағы бір кездесуде оларға гүл мен гаджеттерге арналған Power Bank зарядтау құралы табыс етілді, - деп бөлісті спортшы.

Бақытжан Отарбаева


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!