"Үйінді астында қалды". Пәкістанда алапат жер сілкінісі болды

12:37, 26 қыркүйек 2019
539

24 қыркүйек күні таңертең Пәкістанның шығысында алапат жер сілкінісі болды, әзірге 22 адам мерт болып, 700-ден астам адам әртүрлі дәрежеде жарақат алғаны айтылуда, деп хабарлайды Zakon.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Қайтыс болғандардың арасында бала көп.

Пәкістанның Ақпарат министрі Муштаф Минхас зардап шеккендерге алғашқы қажеттілігіне керек-жарақтар таратылып жатқанын, оларға лашық берілгенін айтты. Құзырлы орган жер сілкінісі болған аумақ халқына үйлеріне оралмауға кеңес берген.

Өңірде төтенше жағдай жарияланып, табиғи апат орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

АҚШ геологиялық қызметінің (USGS) мәліметі бойынша, 6 балдық жер дүмпуі Пәкістанның Джелума қаласынан солтүстікке қарай 23 шақырым жерде тіркелген.

Жер сілкінісі Пәкістанның барлық өңіріне сезілген.


Источник: zakon.kz


Пікір