Уханда 10 күнде салынып, жұмысқа кірісіп кеткен аурухананың видеосы жарияланды

14:44, 3 ақпан 2020
953

Уханда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандарға арналған аурухананың құрылысы аяқталды, деп хабарлайды zakon.kz CentralAsia-ға сілтеме жасап.

Бір мың науқасты орналастыруға болатын аурухана 10 күнде салынып бітіп, 3 ақпанда ол өз жұмысына кірісті. Науқастарды осы өңірге арнайы келген 1,4 мыңға жуық әскери дәрігер емдейді.

Қытай Халықтық азат ету әскерінің / ҰБӘҚ/ материальды-техникалық қамсыздандыру Бірлескен күштері құрамына 950 медицина қызметкері кіреді. Бұған дейін Уханьға жіберілген тағы 450 дәрігер құрлық әскери күштері, Әскери-теңіз күштері және Қытай Халықтық азат ету әскерінің Әуе қорғанысы күштерінің медициналық мекемелерінен тартылған.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда коронавирустан көз жұмғандар 361 адамға жетті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!