УЕФА үшінші еурокубогының атауын таңдады

10:24, 12 қыркүйек 2019
581

Bild-ке сілтеме жасай отырып 90min хабарлағандай, бұл турнир Конференция лигасы деп аталып, ол Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасынан кейінгі мәртебесі жағынан үшінші жарыс болады.

Топтық кезеңде 8 топқа бөлінген 32 команда ойнайды. Бірінші орын Конференция лигасының 1/8 финалына шығарады, ал екінші орын алған клубтар Еуропа лигасының топтарында үшінші орын алғандармен тартысады.

Конференция лигасындағы жеңіс клубқа келесі маусымда Еуропа лигасында ойнау құқығын береді.

· Өткен Чемпиондар лигасын "Ливерпуль" жеңіп алған, Еуропа лигасының кубогын "Челси" алды.

· 2018/19 маусымындағы екі финал да "ағылшындық" болды.


Источник: zakon.kz


Пікір