Түсік тастағанын жасыру үшін бір әйел перзентханадан бала ұрлаған

14:56, 13 желтоқсан 2019
1355

Тайландтың Пхангнга қаласының тұрғыны түсік тастағанын күйеуінен жасыру үшін басқа біреудің баласын ұрлап алған, деп хабарлайды РИА Новости Mirror-ға сілтеме жасап.

2019 жылдың қараша айында 27 жастағы Шривалак Акетхамсатин түсік тастап, ол туралы күйеуіне айтуға қорыққан. Ол өзін әлі де жүктімін деп күйеуін сендірген. Желтоқсан айында ол күйеуіне перзентханаға босану үшін жатқанын хабарлайды.

Перзентханада ол таяуда ғана қызды болған ерлі-зайыптыларды кездестіріп, солармен жақын танысады. Келесі күні таңертең Шривалак оларға баласын бере тұруды, оны көтеріп жүре тұруға рұқсат сұрайды. Осы ұрымтал сәтті пайдаланған қыз баланы тура үйіне алып барады, ал күйеуі бұл өздерінің баласы дегенге сенеді. Алайда Шривалактың ауруханадан қашқан сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Дәл сол күні полиция аң-таң ері алдында әйелдің қолына кісен салды.

Ол баланы ұрлағанын мойындады. Енді ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!