Түрмедегі Гулнара Каримова өзіне өзі қол салды, деген сыбыс тарады

09:41, 13 қараша 2020
759

Өзбекстан ішкі істер министрлігі Зеңгі ата колониясында жазасын өтеп жатқан Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара Каримованың денсаулығы күрт нашарлады деген қауесет шындыққа сәйкес келмейді деп мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Қазан айында Гүлнара Каримованың қызы Иман Instagram парақшасына анасының денсаулығы нашарлағанын, пневмония диагонозымен түрмедегі медицина бөлімшесінде жатқанын жазған.

Сонымен бірге Гүлнара Каримова өзіне қол жұмсап, өмірімен қоштасыпты деген ақпараттың да шындыққа сәйкес келмейтінін жеткізді.

"Қауесеттердің бәрі шындыққа сәйкес келмейді. Гүлнара Каримова сот тағайындаған жазаны өтеп жатыр", - деді ІІМ ресми өкілі Умида Абдуллаева.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!