Түркияның батысында қатты жер сілкініп, зардап шеккендер саны 800-ден асты

12:55, 31 қазан 2020

Жұма күні Түркияның батысында 6,6 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды zakon.kz Anadolu басылымына сілтеме жасап.

Түркия үкіметінің апаттарды басқару жөніндегі басқармасы (AFAD) жер сілкінісінің эпицентрі Измир провинциясының Сеферхисар ауданының жағалауындағы Эгей теңізінде болғанын хабарлады.

Жер сілкінісінің ошағы 16,5 шақырым тереңдікте орналасқан. Жерасты дүмпулері шамамен 15 секундқа созылып, Түркияның батысындағы көптеген провинцияларда сезілді.

- Түркияның батысындағы Измир провинциясында жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 804-ке жетті, 21 адам қаза тапты, деп хабарлады елдің Төтенше жағдайлар және апаттарды басқару агенттігі (AFAD).


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!