Түркиядағы жер сілкінісі құрбандарының арасында Қазақстан азаматтары жоқ - ҚР СІМ

20:35, 25 қаңтар 2020

Соңғы келіп түскен ақпараттар бойынша, Түркиядағы жер сілкінісі құрбандарының арасында Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлайды zakon.kz ҚР СІМ-ге сілтеме жасап.

2020 жылдың 24 қаңтарында Түркияның шығысында 6,8 баллдық жер сілкінісі болды, жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 20:55 кезінде тіркелді. Зілзаланың ошағы Элазиг провинциясында 7 шақырым тереңдікте орналасқан болып шықты. Түркия үкіметінің төтенше жағдайлардың алдын алу және әрекет ету басқармасы (AFAD) мәліметтері бойынша, зілзаладан кейін 2,7-ден 5,4 баллға дейін 228 рет жер асты толқуы тіркелген. Табиғи апат аймағында іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта Түркияның шығысында болған жер сілкінісінен қаза болғандар саны 22-ге жетті, жараланғандар саны - 1030.

Жер сілкінісіне байланысты Түркия халқына Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көңіл айтты.

Осынау ауыр сәттегі қайғы-қасіретіне ортақтасып, түрік көшбасшысына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл білдірді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!