Түркияда 9 жасар қазақстандық бала қайтыс болды

11:17, 1 қазан 2020
199

Түркияның Алания қаласында 9 жасар қазақстандық апаттан қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz жергілікті Alanya басылымына сілтеме жасап.

Газеттің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 28 қыркүйек күні жергілікті уақытпен 14:00 шамасында (Нұрсұлтан уақытымен 17:00) D-400 тас жолында болған. Жолдан өтіп бара жатқанда баланы көлік қағып кеткен. Бала соққыдан бірнеше метрге ұшып түскен. Ал көлік жанар-жағармай құю бекетіне барып соғылған. Ауыр жарақат алған бала Алааддин Кейкубат университетінің ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер қанша тырысқанымен, баланы аман алып қала алмады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір