Түркияда турист толы яхта суға батып кетті

17:47, 7 шілде 2021

© Сурет: Turizmajansi

Түркияда Өлітеңіз ауылының маңында 35 туристі бар яхта суға батып кетті. Бұл туралы жергілікті БАҚ ақпарат таратты, деп хабарлайды zakon.kz.

Көптеген адам жағаға өздігінен жүзіп келді, деп жазады Rambler.

Жағалау күзетінің сүңгуірлер тобы тікұшақтағы мамандармен бірге су астынан адам денесін таппаған соң іздеу-құтқару жұмыстарын тоқтатты.

Жергілікті тұрғындар үш туристті судан аман алып шығуға көмектескені атап өтіледі. Олардың арасында екі жасар сәби де болған, өкінішке қарай, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Қалған екеуінің денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!