Түркияда төтенше жағдай режимі тоқтатылды

14:21, 19 шілде 2018
376

Режим 2016 жылы 15 шілде күні елде әскерилердің мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінен кейін енгізілген болатын, деп хабарлайды Хабар 24.

Содан бері бұл тәртіп 7 мәрте созылды. Ал осы уақыт аралығында үкіметтің арнайы қаулысымен 130 мыңнан астам шенеунік, заңгер, мұғалім және күштік құрылмдардың өкілдері қызметінен босатылған. Олардың барлығына АҚШ-та тұрып жатқан Фетхуллах Гюлленің лаңкестік ұйымымен байланысы бар деген айып тағылды. Ресми Анкара төңкерісті дәл осы діни одақ ұйымдастырды деп санайды.

Ал ақпарат құралдарының хабарлауынша, президент Режеп Тайып Эрдоған басқаратын «Әділет және даму» партиясы парламентке лаңкестікпен күрес жөнінде жаңа заң жобасын ұсынған.

Сарапшылардың айтуынша, бұл биліктің төтенше жағдай кезінде қолында болған құзыретке қайта жол ашпақ.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!