Түркияда Шанлыурфа жарылысына қатысты күдіктілер ұсталды

23:45, 18 ақпан 2017

Түрік полициясы Вираншехир қаласында болған лаңкестік шабуылды тергеу барысында 26 күдіктіні құрықтады. Бұл туралы агенттіктің Түркиядағы меншікті тілшісі Ержан Жүніс хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше жергілікті сағат 21:45-те Түркияның оңтүстік-шығыс аймағындағы Шанлыурфа провинциясы Вираншехир қаласында лаңкестік оқиға тіркелді. Ресми ақпаратқа сүйенсек, белгісіз біреу Енишехир мөлтек ауданындағы прокурорлар мен сот қызметкерлері тұратын жатақхананың маңында жарылғыш зат тиелген көлікті жарып жіберген.

Қанды шабуылдан екі адам қаза тауып, 15-ке жуығы жараланды. Тергеу жұмыстары аясында жарылысты күрд жасағы ұйымдастырғаны белгілі болды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!